preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Қонаев қаласы, «Қапшағай» орталық мешітінде жергілікті имамдарға халал жөнінде оқу-семинар өткізді.

Оқу-семинар барысында қатысушыларға халал индустриясының негіздері, шариғи талаптары және «Халал Даму» қызметі, оның атқаратын міндеттері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Айбек Асқарбекұлы мен Мадияр Тағайбайұлы имамдарға халал өнімдерін сертификаттау, кәсіпкерлермен жұмыс істеу және тұтынушыларға дұрыс ақпарат жеткізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, семинар барысында жергілікті имамдар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Қатысушыларға халал стандарттарының маңыздылығы, оларды сақтау жолдары және халал өнімдерге деген сұраныстың артуы туралы кеңінен түсіндірілді.