preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының мешіттерінде «1 айда Құранға түс» жобасы жүзеге асуда

Алматы облысының мешіттерінде «1 айда Құранға түс» жобасы жүзеге асуда

Қасиетті Рамазан айына орай Алматы облысына қарасты мешіттерде «1 айда Құранға түс» жобасы жүзеге асуда.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен көпшілікке араб әліпбиін үйретіп, жамағатты қасиетті Құранды тұпнұсқадан оқитын деңгейге жеткізу мақсатында Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарына қарасты құлшылық үйлерінде «1 айда Құранға түс» курстары басталып, өз жемісін бере бастады.