preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының мешіттерінде алғашқы тарауық намазы оқылды

Алматы облысының мешіттерінде алғашқы тарауық намазы оқылды

Кеше Алматы облысының барлық мешітінде биылғы Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы «Қапшағай» мешітіндегі тарауық намазына қатысып, жиналған көпшілікті қасиетті айдың келуімен құттықтап, Алла Тағаладан елдің амандығы мен берекесін тіледі. Айлардың сұлтаны болған Рамазанның қадір-қасиетіне тоқталып, мүбәрак мерзімді ізгі амалдармен көркемдеуге шақырды. Сондай-ақ, бас имам облыстық мешітте тарауық намазын өткізетін қариларды жамағатқа таныстырды.

Айта кетейік, осы жылғы Рамазан айында өңіріміздің 70-тен аса мешітінде толық Құран Хатым оқылатын болады.