preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының мешіттерінде «Хадистану» курстары ашылды

Алматы облысының мешіттерінде «Хадистану» курстары ашылды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Алматы облысына қарасты мешіттерде «Хадистану» курстары өз жұмысын бастады.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен көпшілікке хадистану ілімінің негіздерін түсіндіріп, жамағаттың бойында хадистерге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарына қарасты құлшылық үйлерінде «Хадистану» курстарын жүргізу қолға алынды.

Алғашқы дәріс барысында Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Ақжол Нұрбосынұлы Хадистану іліміне кіріспе жасап, бұл ғылымның мұсылмандар үшін маңыздылығына тоқталды.