preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының мешіттерінде «Намаз оқып үйрену» курстары жүріп жатыр

Алматы облысының мешіттерінде «Намаз оқып үйрену» курстары жүріп жатыр

Қасиетті Рамазан айына орай Алматы облысына қарасты мешіттерде «Намаз оқып үйрену» курстары жалғасын табуда.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен көпшілікке Әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз оқудың негіздері түсіндіріліп, жамағаттың діни сауатын арттыру мақсатында Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарына қарасты құлшылық үйлерінде «Намаз оқып үйрену» курстарына ерекше көңіл бөлінуде.

Аталмыш курстарда намаз оқуға ниет білдіріп жүрген азаматтар өздерін толғандырған сауалдарға жауап ала алады.