Алматы облысының мешіттерінде шахтадағы қайғылы жағдайға байланысты дұға жасалды
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Алматы облысының мешіттерінде Қарағанды облысындағы қайғылы жағдайға байланысты дұға жасалды.
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының жетекшілік етуімен Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарындағы құлшылық үйлерінде Құран аяттары оқылып, сауабы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан мұсылман жандардың рухына бағышталды. Сондай-ақ, дін қызметкерлері аталмыш апат барысында жарақат алған жандар үшін Алладан шипа сұрады.
Айта кетейік, аталмыш қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 29 қазан – елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.