preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ РАНТ МҮШЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ РАНТ МҮШЕСІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес РАНТ мүшесі Алматы облысына арнайы іс-сапармен келді. Кездесу Нұр-Мүбәрәк даярлау курсында өтті.  Алматы облысы өкілдігіне іс-сапармен келген қари Есжанұлы Сейтжан мешітінің бірінші найб имамы, РАНТ мүшесі Желеуов Дастан Сүлейұлы Нұр-Мүбәрәк даярлау курсында шәкірттермен жүздесті. Шара барысында ол ілім алудың артықшылықтары мен оның рухани өмірдегі маңызы туралы насихат айтты.

Сонымен қатар, Алматы облысы уағыз-насихат бөлімінің жауапты маманы Ербол Серікбайұлы шәкірттерге сәттілік тілеп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізді. Кездесу шәкірттерге үлкен мотивация беріп, олардың діни білімге деген құлшынысын арттыра түсті.