Алматы облысының тұрғындарына «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты түсіндірілді
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай жыл басынан бері өңірімізге қарасты мешіттерде «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын түсіндіру мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ІV республикалық имамдарфорумында қабірлерді тұрғызудың және оны зиярат етудің халыққа ортақ әдебін қалыптастыру мақсатында «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын қабылдаған болатын.
Аталған құжатты халық арасында кеңінен насихаттап, жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру мақсатында Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарында семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.