preloader

Жаңалықтар

«Ана болудың діндегі орны» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

«Ана болудың діндегі орны» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен Қарасай ауданы Шамалған ауылында «Ана болудың діндегі орны» атты дөңгелек үстел өтті.

Рухани жиынға Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы, арнайы қонақ Мүнәйім Арынқызы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің магистрі, ұстаз Ғажап Жайнагүл, әйел жамағаты қатысты.

Назерке Әкішқызы шара тақырыбына қатысты баяндама жасағаннан кейін, Ғажап Жайнагүл «Ана болудың діндегі орны» тақырыбында насихат айтты.

Дөңгелек үстелге жиналғандар тақырыпты талқылауға белсене қатысып, дәріскерлерге сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды.