preloader

Жаңалықтар

«Арын қажы» мешіті 60 баланы қуанышқа бөледі

«Арын қажы» мешіті 60 баланы қуанышқа бөледі

Алматы облысына қарасты Іле ауданы Боралдай кенті Водник-2 ы/а «Арын қажы» мешіті «Рамазан қоржыны» жобасына үн қосты.

«Арын қажы» мешітінің имамы Алдажар Сейітұлы және жергілікті дін қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған көпбалалы отбасылардың балаларына киім-кешектер табыс етілді. Шара барысында барлығы 60 бала қамтылды.

Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Әмин!