preloader

Жаңалықтар

«Асаба болу – өз ісің, әдептен озбау – борышың» тақырыбында семинар өтті

«Асаба болу – өз ісің, әдептен озбау – борышың» тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде «Асаба болу – өз ісің, әдептен озбау – борышың» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Өзекті мәселеге арналған жиынға «Ізгі қоғам» бағыты бойынша жауапты дін қызметкері Дархан Аманұлы, Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы, Талғар ауданының құрметті азаматы Камнұр Тәлімұлы және жергілікті асабалар қатысып, ой-пікірін бөлісті.

Дін қызметкерлері мен аға буын өкілдері той-томалақ барысында орын алып жүрген олқылықтарды ортаға салып, шараларды әдет-ғұрып, салт-дәстүрден аттамай өткізуге байланысты ұсыныстарын айтса, асабалар жағы осындай жиындардың маңыздылығын атап өтіп, айтылған ескертпелерді қызметтері барысында ескеретінін атап өтті.