preloader

Жаңалықтар

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде Ауған жерінде жауынгерлік міндетін абыроймен атқарған ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сыйлық жасалды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы ардагерлерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтап:

«Ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу – біздің қасиетті борышымыз» деді.

Осыдан кейін «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы ардагер ағаларымызға арнайы жинақталған азық-түлік себеттерін үлестірді.