preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: 100 балаға «Рамазан тәттісі» үлестірілді

Балқаш ауданы: 100 балаға «Рамазан тәттісі» үлестірілді

Қасиетті Қадір түні қарсаңында ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігіне қарасты Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешіті жергілікті «Бақанас» мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін қуанышқа бөледі.

Өскелең ұрпаққа қасиетті Рамазан айының рухын сезіндіру, оларды имандылыққа баулу мақсатында жүзеге асқан шара барысында аудан бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы бастаған жергілікті дін қызметкерлері 100 балаға түрлі тәттілер салынған «Рамазан тәттісі» қорапшаларын үлестірді.

Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Әмин!