preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Балқаш ауданы: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ Алматы облысы өкілдігіне қарасты Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Рамазан қоржыны» атты ізгі шараға Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы және «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға бір айлық азық-түлік қораптары үлестірілді. Шара аясында 100 жанұя қамтылды.