БАЛҚАШ АУДАНЫ: АУРУХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Балқаш ауданы: Дін және денсаулық. Рамазан айы – рухани тазару, нәпсіні тәрбиелеп, кемелдік кілтіне қол жеткізу айы. Рухани кемелдену айында адам рухани жағынан даму үшін ораза ұстауы тиіс деп санаған Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата” мешітінің бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы аудандық аурухана мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Ақ халатты абзал жандарға рамазан айының қадыр-қасиеті, жат ағымдардың белгілері, бала тәрбиесі туралы уағыз айтылды.