preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: Бас имам «Дін және спорт» атты шараға қатысты

Балқаш ауданы: Бас имам «Дін және спорт» атты шараға қатысты

Балқаш аудандық спорт кешенінің ұйымдастыруымен «Дін және спорт» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.

Кездесуге Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы және мұсылман қауымының, оның ішінде ел намысын әлемдік деңгейде қорғап, көк туымызды желбіретіп жүрген спорт шеберлерін дайындайтын жаттықтырушылар қатысты.

Шара барысында Нұрдаулет Тоқанұлы жиналған көпшілікке діни сауатсыздықтың зардабын айтып, дәстүрлі емес діни ағымдар жайында ақпарат берді.

Өз кезегінде жаттықтырушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, аудан бас имамы тарапынан тұшымды жауаптар алды.