БАЛҚАШ АУДАНЫ: ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДӘРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен, Балқаш ауданының имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлының ұйымдастыруымен Құран курсының ұстаздары Бақбақты ауылдық “Қосай баба” мешітінде дін қызметкерлері үшін дәріс жүргізді.
Шара басында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Қаманатұлы Құрманбек қари сияқты білікті мамандар жергілікті имамдармен кездесіп, онлайн және офлайн форматта жүріп жатқан 2 айлық Құран курсының кезекті дәрісінен сынақ қабылдады.
Діни рәсімдерді атқарудағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан курс барысында имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін жаттап, курс соңында емтихан тапсырады деп күтілуде.