preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫ: “ДІН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР” ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БАЛҚАШ АУДАНЫ: “ДІН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР” ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Балқаш ауданының Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен ерекше мазмұнға ие тағылымды шара өтті. “Дін және ұлттық құндылықтар” атты кездесуге Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің студенттері арнайы шақырылып, рухани бай мәліметтерге қанықты.

Іс-шараның басты қонағы – аудандық орталық “Оспанқожа ата” мешітінің найб имамы, Нұрхан Қанатұлы Катбашев болды. Ол жастармен еркін форматта жүздесіп, дін мен ұлттық құндылықтардың өзара үндестігі, имандылық пен салт-дәстүрдің қоғамдағы орны туралы тағылымы терең ой өрбітті.

Кездесу барысында имам жастарға діннің тәрбиелік мәнін, ұлттық болмысты сақтау жолындағы рөлін жан-жақты түсіндіріп, адамгершілік пен руханиятты дәріптейтін құндылықтарға тоқталды. Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық әрі шынайы пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Осындай рухани кездесулер жастардың дүниетанымын кеңейтіп, елжандылық пен ізгілікке бастайтын жолды айқындай түсетіні сөзсіз.