preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: «Діни сауаттылық – қоғам айнасы» атты семинар өтті

Балқаш ауданы: «Діни сауаттылық – қоғам айнасы» атты семинар өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Бақбақты ауылдық «Қосай баба» мешітінде Балқаш ауданының дін қызметкерлеріне арналған «Діни сауаттылық – қоғам айнасы» атты семинар ұйымдастырылды.

Имамдарың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын аудан бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы ашып, «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» және «Имамның тұлғалық келбеті» құжаттары аясында дәріс оқыды.

Жиын соңында ауыл имамдарының тыныс-тіршілігі және аудандағы діни ахуал жайлы әңгіме өрбіді.