preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: Имамдар алғыс хаттарға ие болды

Балқаш ауданы: Имамдар алғыс хаттарға ие болды

Алматы облысы Балқаш ауданынына қарасты бірқатар елді-мекендердің имамдары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы Балатопар, Береке, Бояулы, Бура және Жиделі ауылдары имамдарының руханият саласындағы ерен еңбегін және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесін ескеріп, оларға алғысын білдірді.

Дін қызметкерлеріне Азат Үкітайұлының алғыс хатын Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы табыс етіп, ризашылығын білдірді.