Балқаш ауданы: Имамдарға арналған семинар өтті
Алматы облысы Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешіті дін қызметкерлеріне арналған «Халық алдында сөйлеу мәдениеті мен қарым-қатынас мәселелері» атты семинар ұйымдастырды.
Бірлік ауылдық кітапханасында өткен танымдық шара барысында имамдардың ҚМДБ тарапынан бекітілген киім үлгісіне мән беруі, халық алдында өздерін ұстауы, уағыз-насихатты барынша мазмұнды әрі дұрыс жеткізуі сияқты мәселелер қозғалды.
Аудан бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы семинарға қатысушыларға көптеп кітап оқуға кеңес бере отырып:
«Кітап оқу арқылы адам үнемі жетіліп отырады. «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» екенін ұмытпайық»,- деді.