preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: «Иман және Ислам» атты шара өтті

Балқаш ауданы: «Иман және Ислам» атты шара өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігіне қарасты «Әйел-қыздар» секторы Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде «Иман және Ислам» атты шара ұйымдастырды.

Ізгі шараны Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы ашып, отбасы мықты болса, одан құралған қоғам да, Отан да соншалықты мықты болатынын атап өтіп, отбасындағы тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы ислам дінінің бейбітшілік діні екенін, озбырлық, біреуге күш көрсету мұсылман адамның табиғатына жат қылықтар екенін, иман дегеніміз Алла Тағаланың әмірлері мен Оның елшісі Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін жүрекпен толық қабылдау екенін жиналған жамағатқа түсіндіріп өтті.

Танымдық шараға қатысушылар тақырыпты талқылауға белсене қатысып, дәріскерлерге сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды.