preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті

Балқаш ауданы: «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті

Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде жергілікті «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мектепке жол» атты ауқымды қайырымдылық шарасы өтті.

Игі бастама аясында Бақанас ауылындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары мен ерекше күтімді қажет ететін балаларға 111 мектеп сөмкесі және оқу құрал-жабдықтары табысталды.

Шараға ауданның бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы Төрежанов қатысып, ізгі іске үлес қосқан демеушілерге ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ата-аналар да балаларға қуаныш сыйлаған азаматтарға шынайы алғыстарын жеткізді.

Бұл қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға үлкен демеу болып, олардың білімге деген ынтасын арттыруға ықпал етті.