preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: «Пәтуа сағаты» жобасы жалғасын табуда

Балқаш ауданы: «Пәтуа сағаты» жобасы жалғасын табуда

Алматы облысына қарасты Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде «Пәтуа сағаты» жобасы жалғасып келеді.

Әр аптаның жұма намазынан кейін өткізілетін шаралардың басты мақсаты – пәтуаларды насихаттау арқылы халықтың діни сауаттылығын арттырып, түрлі жат ағымдардан сақтандыру, сондай-ақ ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Пәтуалар жинағы» кітаптарының мазмұнымен таныстыру болып табылады.

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлының айтуынша аталмыш дәрістер барысында жамағаттың тарапынан туындаған сұрақтарға да толыққанды жауап беріледі.