БАЛҚАШ АУДАНЫ: Садақ ату – салауатты өмір салты
Қазақтың ұлттық спорттық ойындарының бірі – садақ ату. Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінің наиб имамы Досымбаев Азат жетекшілік ететін шәкірттер бұл спорт түрінен де қалыс қалып жүрген жоқ.
Ұлттық өнерді меңгерген жас – өзінің терең тарихын танып, рухани тәрбиесін бекемдейді. Садақ атуға машықтанған шәкірттердің бойында ұлттық құндылықтар қалыптасып, отансүйгіштік сезімі арта түседі.
Шәкірттер тек спортпен шынығып қана қоймай, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғыртып, ұмыт қалған ұлттық өнердің қайта жандануына үлес қосуда.



