preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «САДАҚ АТУ – СҮННЕТ ПЕН САЛТЫҢ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «САДАҚ АТУ – СҮННЕТ ПЕН САЛТЫҢ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Қазақтың ұлттық спорттық ойындары соңғы жылдары дамудың жаңа жолына түсіп, заманға сай жаңғыруда. Солардың бірі – садақ ату. Балқаш аудандық орталық “Оспанқожа ата”мешітінің наиб имамы Катбашев Нұрхан бастаған жастар бұл ойыннан қалыс қалмай келеді. Қазақтың бұл ұлттық өнерін меңгерген жас өзінің ата тек-танымын тереңірек зерделейді. Бойында ұлттық құндылықтар қалыптасып, төл тарихын таниды. Әділетті халифалардан болған Омар бин Әл-Хаттаб: «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», – деген . Бұдан қазақ халқының ежелден дін мен дәстүрлі сабақтастыра алғандығына көз жеткіземіз.