БАЛҚАШ АУДАНЫ: УНИВЕРСИТЕТ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
БАЛҚАШ АУДАНЫ: Балқаш ауданының бас имам,теолог Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы жұмыс сапарында Балқаш ауданы,Бояулы ауылында орналасқан Нұр-Мүбарак университетінің дайындық курсы шәкірттермен кездесті.
Кездесу барысында аудан имамы дайындық курсының жағдайымен танысып, шәкірттермен сұхбаттасты. Нұрдәулет Тоқанұлы оларды білім жолында талмай ізденуге шақырып, университетке жолдама алуына тілектестік білдірді.
Айта кетейік, бүгінде «Нұр-Мүбарак» университетінде 6 дайындық курсы жұмыс істейді. Соның бірі – 2015 жылы Алматы облысы,Балқаш ауданы,Бояулы ауылында ашылған осы дайындық курсы.
Мұнда шәкірттерге білім алуға толық жағдай жасалған. Шәкірттер ақида, фиқһ, Құран тәжуиді, араб тілі және Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен дәріс тыңдайды. Дайындық курсының түлектері «Нұр-Мүбарак» университетіне жолдама алады.
Техникалық базасы: Оқу ғимараты 1 қабатты. Сыйымдылығы 26 адам. Оқу ғимараты жатақхана, 3 оқу сыныбы, 1 кітап оқу залы, кітапхана асхана және спорттық ойын алаңдарымен қамтамасыз етілген. Кітапханада қазақша және арабша кітап қоры бар.
Дайындық курсында араб тілі, құран сабағы, фиқһ, ақида және сира сабақтары өтіледі. Сондай-ақ ҰБТ-ке дайындық мақсатында Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығынан дәрістер жүргізіледі.
Оқу курсы өз жұмысын бастағалы бері 250 шәкірт білім алып шықты.