preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «ЖАҚСЫ КІТАП-ЖАН АЗЫҒЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «ЖАҚСЫ КІТАП-ЖАН АЗЫҒЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Балқаш ауданы, Жиделі ауылдық кітапханасында оқырмандармен «Жақсы кітап-жан азығы» атты кездесу өтті.

Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі, оны оқу арқылы өткен тарихыңды, болашағыңды біле аласың. Есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың. Жиделі ауылдық мешітінің имамы Саримбетов Ардақ өз кезегінде діни кітаптарды оқығанда ҚМДБ-ның сараптамасынан өткен кітаптарды пайдалану керек екендігін жеткізді.Діни кітаптарға байланысты сұрақ жауап ұйымдастырылды.