preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: Жастармен кездесу өтті

Балқаш ауданы: Жастармен кездесу өтті

Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығы жергілікті кітапханада «Рамазан – рухани жаңғыру айы» атты шара өтті.

Танымдық шара барысында Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы жас буын өкілдеріне Рамазан айына қатысты толыққанды ақпарат беріп, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бұдан бөлек, Нұрдәулет Тоқанұлы жастарға жат діни ағымдар жайлы айтып, аталмыш ұйымдардың ықпалынан сақ болуға шақырды.