preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: «Жомарт жұма» акциясы жалғасуда

Балқаш ауданы: «Жомарт жұма» акциясы жалғасуда

Қасиетті Рамазан айына орай Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен өңірімізге қарасты бірқатар ауылдарда «Жомарт жұма» жобасы жүзеге асуда. 

Аталмыш жоба аясында Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Дос» әмбебап дүкені әр жұма күні 70 нан тегін таратып келеді. Бұл көмек зейнеткерлерге және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілуде.

Балқаш ауданының имамдары игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген «Дос» дүкенінің басшылығына алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!