preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: «Жылу сыйла» шарасы ұйымдастырылды

Балқаш ауданы: «Жылу сыйла» шарасы ұйымдастырылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Жылу сыйла» бастамасы аясында Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешіті қайырымдылық шарасын өткізді.

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлының ұйытқы болуымен жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 40 отбасыға көмір жеткізіліп, түсіріліп берілді.

Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешіті игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!