preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

БАЛҚАШ АУДАНЫ: «ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық”қоры Алматы облысы өкілдігі Балқаш ауданында «Жылулық сыйла» қайырымдылық шарасы аясында 400 қап көмір 40 көмекке мұқтаж отбасына таратылды.

Балқаш ауданы, Бақанас ауылындағы аудандық “Оспанқожа ата” мешіт имамдары және белсенді жастар жамағатының ұйымдастыруымен 400 қап көмір 40 отбасына үлестірілді. Арнайы қаптарға салынып дайындалған көмір отыны тізімде тұрған мүгедек, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға таратылды. Ұйымдастырушылар бұл атаулы қайырымдылық шарасы Бақанас ауылында қыс мезгілі бойы тұрақты жасалып, мұқтаж отбасыларына табысталатынын жеткізді. Қайырымдылық шарасына атсалысқан кісілерге Алла разы болсын!