preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданында «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өтті

Балқаш ауданында «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өтті

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы. Бақанас спорт мектебінде «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Іс-шараға Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінің наиб имамы Азат Досымбаев қатысып, жиынның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа ислам діні мен ата дәстүріміздің сабақтастығын терең түсіндіру екенін атап өтті.

Жаттығу алдында айтылған насихаттарда қоғамды ынтымаққа ұйытатын, бірлікке бастайтын құндылықтарды қадірлеудің маңызы сөз болды.

Кездесу барысында наиб имам каратэ үйірмесіне қатысушы жас спортшылармен еркін әңгімелесіп, дәстүрді сақтай отырып тілімізді, дінімізді және тарихымызды құрметтеу туралы өнегелі өсиеттер айтты. Сондай-ақ балалардың қойған сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестермен бөлісті.