preloader

Жаңалықтар

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы,Балқаш ауданында дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және діни білімін жетілдіру мақсатында семинар мен оқу дәрістері ұйымдастырылды. Балқаш ауданының бас имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлының ұйымдастыруымен өткен шараға Алматы облыстық Қапшағай мешітінің қызметкерлері Әбдіқадыр Ақжол Нұрбосынұлы және Шаймерденұлы Бақдәулет қатысты. Семинар барысында дін қызметкерлерінің діни білімін тереңдету, кәсіби даярлығын жетілдіру және имамдық қызметтің сапасын арттыру мәселелері қамтылды. Қатысушыларға діни қызмет барысында басшылыққа алынатын маңызды мәселелер түсіндіріліп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Аталған оқу-ағарту шараларына аудан бойынша 15 имам қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Мұндай білім жетілдіру жұмыстары имамдардың кәсіби біліктілігін нығайтуға, діни сауаттылығын арттыруға және аудан көлеміндегі діни-ағартушылық жұмыстардың сапасын жақсартуға бағытталған.