preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданында отбасылық құндылықтарға арналған дөңгелек үстел өтті

Балқаш ауданында отбасылық құндылықтарға арналған дөңгелек үстел өтті

Балқаш ауданының бас имамы Төрежанов Нұрдәулет Тоқанұлының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығы, «Әжелер мектебі» және өзге де қоғамдық ұйымдардың бірлесуімен «Әжелер мектебі – тәрбиенің әлемі», «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыптары аясында дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында аудан имамы сөз сөйлеп, отбасы құндылықтары мен өзекті мәселелерге тоқталды. Алғашқы баяндамашылардың бірі Күләш Ахмадиқызы орталықтың қызметі, әжелердің қоғамды гүлдендіру және ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы ойларымен бөлісті. Әжелер қауымы да өз тәжірибелері мен өмірлік кеңестерін ортаға салып, отбасылық мәселелер, келін мен ене арасындағы қарым-қатынастар жөнінде құнды пікірлер айтты.

Кездесуде сондай-ақ өлкетанушы, Балқаш ауданының Құрметті азаматы Зәуреш Жұмағалиқызы және Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облыстық «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің жетекші сарапшысы Ғалия Абдирахманқызы мазмұнды баяндамалар жасады.