preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданында Құран жарысы өтті

Балқаш ауданында Құран жарысы өтті

Балқаш ауданының орталығындағы аудандық «Оспанқожа ата» мешітінде «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсына қатысып жүрген 7-14 жас аралығындағы шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа 22 жеткіншек қатысты.
Сайыс барысында ауданның бас имамы Түрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы жарыстың мақсаты мен маңызын атап өтіп, қасиетті Құранды үйренудің артықшылығы жайында тағылымды насихат айтты.
Байқау екі деңгей бойынша өтті:
•1-деңгей: «Духа» сүресінен «Нас» сүресіне дейінгі аяттарды жатқа оқу;
•2-деңгей: Құранды жүргізіп (қарап) оқу.
Жүлдегерлер демеушілердің қолдауымен арнайы марапаттау хаттары және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға да естелік сыйлықтар таратылды.
1-деңгей жеңімпаздары:
1️⃣ орын – Нұрайдарқызы Рания
2️⃣ орын – Жайлаубек Айша
3️⃣ орын – Есболат Арлан
2-деңгей жеңімпаздары:
1️⃣ орын – Жапар Інжу
2️⃣ орын – Нұрайдарқызы Талшын
3️⃣ орын – Омар Амина
Бұл игі шара жас ұрпақтың имани білімін арттырып, Құранға деген сүйіспеншілігін тереңдете түсті.