Балқаш ауданында «Жылулық сыйла» қайырымдылық шарасы өтті
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Балқаш ауданында «Жылулық сыйла» қайырымдылық шарасы аясында көмекке мұқтаж отбасыларға 11 (он бір) тонна көмір таратылды.
Аталған қайырымдылық шарасы Балқаш ауданы, Бақанас ауылындағы аудандық «Оспанқожа ата» мешітінің имамдары мен белсенді жастар жамағатының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде 11 тонна көмір отыны тізімде тұрған мүгедек жандарға және әлеуметтік аз қамтылған 11 отбасыға үлестірілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл атаулы қайырымдылық шарасы Бақанас ауылында қыс мезгілі бойы тұрақты түрде жалғасын тауып, мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіле бермек.
Қайырымдылық шарасына атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!



