preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданының бас имамы мешіттердің тыныс-тіршіліктерімен танысты

Балқаш ауданының бас имамы мешіттердің тыныс-тіршіліктерімен танысты

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы жергілікті мешіттердің жай–күйімен танысты.

Аудан бас имамы шалғайдағы құлшылық үйлеріне барып, ауыл имамдарымен кездесіп, ҚМДБ және өкілдік тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысын қадағалады.

Нұрдәулет Тоқанұлы жергілікті дін қызметкерлеріне мешіттердегі уағыз-насихат жұмысы, жат діни ағым өкілдерімен жұмысты жан-жақты жүргізу сияқты өзекті тапсырмалар берді. Сондай ақ, мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығына көңіл бөлу керектігін айтып өтті.

Осы іс-сапары барысында аудан бас имамы ауыл әкімдері мен жергілікті тұрғындармен жүздесіп, сұхбат құрды.