preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданының бас имамы колледж студенттерімен кездесті

Балқаш ауданының бас имамы колледж студенттерімен кездесті

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің студенттерімен кездесті.

«Лаңкестіктің қоғамға қаупі» тақырыбында өткен кездесу барысында Нұрдәулет Тоқанұлы жастарды жат діни ағымдар жайлы айтып, олардың ықпалынан сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, білім алушыларға өз уақыттарын пайдалы өткізіп, ғаламтордың мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану бойынша кеңестер берді. 

Өз кезегінде колледж студенттері көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.