preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданының бас имамы жастармен кездесті

Балқаш ауданының бас имамы жастармен кездесті

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің ұстаздары және студенттерімен «Ислам және дәстүр» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан бас имамы жастарды қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жоққа шығаратын діни ағымдардан сақ болуға шақырып, олардан қорғанудың түрлі әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтті.

Сондай-ақ, Нұрдәулет Тоқанұлы уақытты тиімді өткізу, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану туралы кеңестермен бөлісті. Кітап оқудың артықшылығын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде студенттер тақырыпты талқылауға белсене қатысып, дәріскерге сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды.