preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданының бас имамы жастармен кездесті

Балқаш ауданының бас имамы жастармен кездесті

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы жергілікті Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінің бас имамы Нұрдаулет Тоқанұлы және Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әбілхами Мейрам Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің студенттеріне діни сауатты болудың маңыздылығы туралы айтып, оларды жат діни ағымдардың ықпалынан сақ болуға шақырды.

Өз кезегінде студенттер тақырыпты талқылауға белсене қатысып, дәріскерлерге сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды.