preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданының имамдары жылды қорытындылады

Балқаш ауданының имамдары жылды қорытындылады

Алматы облысына қарасты Балқаш ауданының құлшылық үйлері 2023 жылдың қорытынды жиналысын өткізді.

Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде өткен шара барысында дін қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген бес бағыт аясында және жыл бойы атқарылған өзге де жұмыстар бойынша есеп беріп, презентациялар көрсетті.

Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы имамдардың есептерін тыңдап, ұсыныс-пікірлерін ескеріп, келесі жылдың жұмыс жоспарына қатысты бірқатар мәселелерді қозғады.

Жиын соңында аудан бас имамы көп жылдық еңбек өтілі бар Береке ауылдық мешітінің имамы Жанболат Қожамқұлов ағамызға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын, ал бірнеше белсенді имамдарға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының алғыс хатын табыс етті.

Бұдан бөлек, барлық дін қызметкерлеріне Діни басқарманың төл баспасынан жақында ғана жарық көрген «Ислам дағуатының негіздері мен әдістері» кітабы сыйлыққа берілді.