preloader

Жаңалықтар

Бақанаста балаларға базарлық

Бақанаста балаларға базарлық

Балқаш ауданы, аудандық «Оспанқожа ата» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» бағыты аясында сауат ашу курсында дәріс алып жатқан 6-16 жас аралығындағы 55 шәкіртке арналған «Қайырымдылық жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.

Игі шара барысында әр шәкірттің оқу барысындағы үлгерімі мен белсенділігі ескеріліп, жәрмеңкеден сыйлық алуға мүмкіндік берілді. Бұл тәсіл балаларды білім алуға ынталандырып, ізгі амалдарға қызықтыруды мақсат етті.

Ауданның бас имамы Түрежанов Нұрдәулет Тоқанұлы жиналғандарға жәрмеңкенің бағыты мен мақсатын түсіндіріп, мұндай шаралар шәкірттердің мешітке деген қызығушылығын арттырумен қатар, жүректеріне қайырымдылық пен мейірім ұялататынын атап өтті.