preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Әйел-қыздар» секторымен кездесті

Бас имам «Әйел-қыздар» секторымен кездесті

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде жергілікті «Әйел-қыздар» секторының жиналысы өтті.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының төрағалығымен өткен жиналысқан өңірімізге қарасты қала және аудан мешіттерінің әйел ұстаздары қатысты.

Жиналыс барысында облыс бас имамы ислам дініндегі әйел адамның мәртебесі жоғары екенін атап өтіп:

«Әйел-қыздар жамағатының көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр болуына ерекше көңіл бөліңіздер. Себебі, білімді, ізгі қоғамның бастауы ана мен ұстаздың берген тәрбиесіне тікелей байланысты», деді.

Бұдан бөлек, бұл іс-шарада «Әйел-қыздар» секторының жылдық жоспары бекітіліп, аналар мектебін құру мәселесі көтерілді.

Жиын соңында 2022 жылдың қорытындысы бойынша ұстаздар Роза Шалабайқызы, Бұлбұл Насырхан және Гүлмира Рымханқызы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.