preloader

Жаңалықтар

Бас имам облыстық арнайы мектеп-интернатында болды

Бас имам облыстық арнайы мектеп-интернатында болды

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жергілікті Білім басқармасының «№1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.

Шара барысында облыс бас имамы бастаған дін қызметкерлері 15 оқушыға киім және аяқ киім үлестіріп, мекемеге 10 себет азық-түлік себетін табыс етті.

Өз кезегінде арнайы мектеп-интернат басшылығы осындай қайырымдылық бастамасы үшін облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлына алғыс айтып, ризашылық білдірді.