Бас имам болашақ қарилармен кездесті
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Қарасай ауданындағы «Түркістан» қайырымдылық мекемесінің шәкірттерімен кездесті.
Мадияр Тағайбайұлы болашақ қариларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Құран сүрелерін жаттаудың маңыздылығы туралы насихат айтты.
Осыдан кейін облыс бас имамы қайырымдылық мекемесінің 20 шәкіртіне түрлі тәттілер салынған «Рамазан тәттісі» қорапшаларын үлестіріп берді.