preloader

Жаңалықтар

Бас имам Еңбекшіқазақ ауданының имамдарымен кездесті

Бас имам Еңбекшіқазақ ауданының имамдарымен кездесті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Еңбекшіқазақ ауданына арнайы іс-сапары барысында жергілікті дін қызметкерлерімен кездесті.

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Еңбекшіқазақ аудандық «Имам Мұхаммед» мешітінде өткен шара барысында облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы «Имамның тұлғалық келбеті және Қажының рухани келбеті» тақырыбында баяндама жасады.

Атап айтқанда облыс бас имамы дін қызметкерлерін халық арасында кішіпейілділікпен жүріп, асыл дінімізді көркем түрде насихаттауды үндеді. Сондай-ақ, қажылық маусымының жақындауына байланысты көпшіліктің осы құлшылыққа қатысты діни сауатын арттыруды тапсырды.