preloader

Жаңалықтар

Бас имам Еңбекшіқазақ ауданының мешіттерін аралады

Бас имам Еңбекшіқазақ ауданының мешіттерін аралады

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Еңбекшіқазақ ауданына сапары барысында бірқатар мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Атап айтқанда облыс бас имамы Еңбекшіқазақ аудандық «Имам Мұхаммед» мешіті, «әр-Райян» мешіті, «Нүсіпәлиев Әділжан Жылқыбайұлы» атындағы мешіт, Есік қалалық мешіті, Бөлек ауылдық мешіті, Көктөбе ауылдық мешіті, Қызылжар ауылдық «Қалыбек батыр» мешіті, Төлеби ауылдық «Хайрулла қажы» атындағы мешіт, Түркен ауылдық «Беттал» сияқты құлшылық үйлеріне барып, жергілікті дін қызметкерлеріне ҚМДБ тарапынан бекітілген бағыттарға ерекше көңіл бөлуге, соның ішінде қайырымдылық бағытындағы шараларды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.