preloader

Жаңалықтар

Бас имам кәсіпкерлермен кездесті

Бас имам кәсіпкерлермен кездесті

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Қайырымды адам – Қуатты қоғам» тақырыбы аясында кәсіпкерлерге арналған семинар өтті.

Алқалы жиында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарынан келген кәсіпкер азаматтар, «Уақып» және «Зекет және қайырымдылық» қорларының жауапты мамандарымен кездесіп, «Қайырымды адам – Қуатты қоғам» тақырыбы аясында әңгіме өрбітіп, қайырымдылық жасау, көмек көрсету, зекет берудің маңыздылығы мен сауабына тоқталды.

Бұдан бөлек, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Кездесу соңында кәсіпкерлер ұйымдастырушыларға  өз ризашылықтарын білдіріп, осындай шаралар жиі өткізілсе деген ұсыныстарын айтты.