preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Лабақ ата» мешітінде жұма уағызын жүргізді

Бас имам «Лабақ ата» мешітінде жұма уағызын жүргізді

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы «Лабақ ата» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Қоғам әділдікпен дамиды» тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы құлшылық үйіне жиналған көпшілікке мұсылман адамның бойында көрініс табуы қажет болған маңызды сипаттардың бірі – әділдік екенін еске салып, бұл қасиетті өміріміздің барлық саласында қолданудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Жұма намазынан соң облыс бас имамы жергілікті жамағатпен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.